БҚО-да тұрғындардың 75 пайызы мемлекеттік тілді біледі - Махамбет Ихсанғали
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тілдерді дамыту бағытында биыл 62,273 млн. теңге бөлінсе, биылғы бірінші жартыжылдықта соның 56 пайызы игерілді. Бұл мақсатқа 2014 жылы 62,089 млн. теңге, өткен жылы 62,273 млн. теңге қаралып, толық игерілген болатын. Осы орайда БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Махамбет Ихсанғали ҚазАқпарат тілшісіне атқарылған жұмыстар жөнінде былайша әңгімелеп берді.