Куәгер: Матаев 334 миллион теңге салық төлеуден жалтарған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Сейітқазы және Әсет Матаевтардың ісі бойынша куәгерлерден жауап алу жалғасып жатыр. Бүгін сот залында Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Нұрлан Серкеев С. Матаев басшылық еткен «Ұлттық баспасөз клубы» қоғамдық бірлестігінің ірі салықтық құқық бұзушылықтары жайлы айтып берді.