Қазақстанға телефондарды жасырын тасымалдаумен күрес мәселесі көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ұялы және басқа да сымсыз байланыс үшін телефондарды бөлшек саудалау нарығы 139 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін «Атамекен» ҰКП жанындағы Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжол Жамалов мәлім етті.