Маңғыстауда болған жол апатынан бір отбасының мүшелері түгелдей қайтыс болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол көлік оқиғасы Жаңаөзен-Жетібай тас жолында орын алған. Toyota Camry маркалы көлік «Газельмен» соқтығысқан деп жазады «Лада» порталы. Оқиға орнында үш адам көз жұмса, төртіншісі ауруханада қайтыс болыпты.