ОҚО-да 25 жылда көкөністің көлемі 5 есеге артты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында соңғы 25 жыл ішінде көкөністің көлемі 5 есеге артты. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті.