Индустрияландыру бағдарламасы бойынша 13 млрд теңгеден астам бюджет қаржысы жымқырылған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.