Полиция қызметкерлері ЭКСПО-2017 көрмесінде сегвеймен жүреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аумағында астаналық полицейлер электромобильдер мен сегвейлерді пайдаланатын болады. Бұл туралы бүгін елордалық саябақта сегвейлерді таныстырған Астана қаласы Ішкі Істер департаменті жол-патрульдік қызметі полкінің штаб бастығы Қуаныш Еркінов мәлім етті.