Славян әйелдері күзді өзен жағасында қарсы алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жомарт күз өзімен бірге молшылық пен байлық ала келеді. Жұртшылық жазда үш ай бойы тер төгіп, бағып-күткен бақшасының егінін жиып, қуанышты сәтті қауым болып тойлайды. "Әр елдің салты басқа..." дегенмен, бұл "Егін мерекесін" әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрлі ұлт өкілдері бір адамдай атап өтіп, барша сыйы үшін Табиғат-Анаға алғысын жаудырады, деп жазады massaget.kz.