Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында конкурс өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» қалалық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Конкурста мүмкіндігі шектеулі жандар түрлі номинацияларда сайысқа түседі. Оған ересектер де, жасөспірімдер де, балалар да қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.