Қызылордалық спортшылар тректен ҚР чемпионатында бірінші орынды иеленді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өткен тректен Қазақстан Республикасының Ұлттық чемпионатында қызылордалық спортшылар 4 шақырымдық командалық жарыста бірінші орынды иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.