Қазақстанда 5 мың маман ауылда жұмыс істеуден бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат Қазақстанда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында елді мекендерге жіберілген 5 мың маман келісімшартты бұзды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымдарын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек мәлім етті.