Испаниядағы дәмханада болған жарылыстан 70 адам зардап шекті
Испанияның теңіз жағалауында орналасқан Малага қаласындағы дәмханалардың бірінде болған жарылыстан 70 адам зардап шекті. Жарылыс газдың шығуынан пайда болған, деп жазады Испанияның Mundo басылымы.