26 белсенді Тәуелсіздік шыңын бағындырды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1-қазанында 26 адамнан құралған топ Өгем тау жотасының шығыс жағында орналасқан «Тәуелсіздік шыңын» бағындырды. Белсенділер тобы 4100 метрлік шыңды бағындырған сапарларын Тәуелсіздік 25 жылдығына арнады. Осындай видеоны Қайрат Кәрібаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жария етті.