Астанада игерілмей жатқан 1 мыңнан астам жер учаскесі анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қалалық қызметтердің игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын болдырмау және құрылыс алаңдарындағы қоқысты уақытылы шығару мәселелері жөніндегі іс-қимылдар жоспарын бекітті.