Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 7 қазандағы Жарлығына сәйкес Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесіндегі Қазақстанның өкілі болып тағайындалды. Аталған қызметтен Бақытжан Сағынтаев босатылды.