Бүгін еліміздің оңтүстік өңірінде нөсер жауын жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның барлық аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын күтіледі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста нөсер жауын-шашын жауады, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді.