Сауалнама: Батысқазақстандықтар ұлтаралық жағдайды оң бағалап отыр
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес батысқазақстандықтардың басым көпшілігі немесе 91,4 пайызы өңірдегі ұлтаралық жағдайды оң бағалап отыр. Бұл туралы Достық үйінде Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған «Рухани келісім - халықтар бірлігіне бастар жол» атты дөңгелек үстел отырысында айтылды.