29 қазақстандық өндіруші Тәжікстанмен ықтимал тауар жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрылыс, азық-түлік, химия, фармацевтика және машина құрастыру салаларының 29 отандық кәсіпорны Тәжікстанның көтерме-сатып алу, дистрибьюторлық және құрылыс компанияларымен ықтимал тауар жеткізу туралы келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.