Қазақстанда ең үздік әлеуметтік қызметкерге дауыс беру басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (әрі қарай - ҚР ДСӘДМ) ҚР әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкері күніне арналған «Әлеуметтік қорғау жүйесінің үздік қызметкері» байқауының қатысушыларына дауыс беру ашық деп жариялайды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.