Қазақстанда тауық саңғырығынан биогаз өндіретін зауыт ашылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тауық көңінен жылына 9 мың текше метр газ шығара алатын қондырғы орнатылуда. Бұл туралы бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында Солтүстік Қазақстан облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов мәлім етті.