Қазақстанда жол апаты 5 пайызға азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы елімізде жол-көлік апаты саны 5 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Жол қозғалысы саласындағы құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбындағы парламенттік тыңдау барысында еліміздің Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.