Ресейдегі әуе апатында Қазақстанның екі азаматы мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ямал аймағында апатқа ұшыраған МИ-8 тікұшағында Қазақстанның тумасы Виталий Провальныйдан өзге Қазақстанның екі азаматы - Андрей Афонин мен Александр Веденкин болған. Олар Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тумалары. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.