Жұма күні елімізде жел күшейіп, тұман түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қазанда Қазақстанның батыс, солтүстік және шығысында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, қалған аймақтарда жауын-шашынсыз. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, шығыста бұрқасын соғады, деп хабарлайды Қазгидромет.