Қазақстандағы сапасыз бензиннің үлесі анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жанар-жағармай құю стансаларында өткізілген бензиннің 25 пайызы сапа талаптарына сәйкес келмеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінен хабарланды.