БҰҰ Бас хатшысының өкілі Қазақстанның өңіраралық ынтымақтастықты дамытуда қосқан үлесін атап өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов БҰҰ Бас хатшысының Юг-Юг ынтымақтастығы бойынша өкілі Хорхе Чедиекпен кездесіп, мемлекеттік қызмет саласындағы одан әрі ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлады мемлекеттік қызмет саласындағы елордалық Өңірлік хаб баспасөз қызметі.