Шенеуніктер Қосшыдан 500 млн теңгеге жер телімдерін заңсыз сатып жіберген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана маңында, әкімдік, ХҚКО мен әділет органдарының қызметкерлері жерді бөлу туралы құжаттарды қолдан жасап, xалыққа сатып отырған. Бұл туралы ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.