Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы ауысты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы бұйрығымен Берген Беспалинов осы агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.