Елорданың жедел әрекет ету қызметтері: өзендегі мұз әлі жұқа әрі қауіпті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғашқы мұз конькимен сырғанауға, балық аулауға ғана емес, жолды қысқартып, сықырлақ мұздың үстімен жүруге де ынтықтырып тұрады. Шын мәнінде, мұз әлі жұқа және адам салмағын көтере алмайтындықтан өте қауіпті болып табылады.