БҒМ мектептен кейінгі жаңа емтиxандар туралы кеңінен айтып берді
Келесі жылдан бастап мектеп түлектері орта білімді тәмамдағанын бөлек емтиxанмен дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеу арқылы мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, жоғары оқу орындарына түсе алады. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева мектептен кейінгі емтиxандар туралы айтып берді.