Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып бұрқасындатса, тағы бір аймақтарда көктайғақ болады. Отүстік-батыс пен оңтүстікте және оңтүстік - шығыста бұрынғысынша ауа райы қалыпты жағдайда өтеді. Кей жерлерде тұман да түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.