Ерік Сұлтанов Петропавл қаласының құрылыс нысандарын аралады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерiк Сұлтанов Петропавл қаласы бойынша жұмыс сапарын «Village SK» ЖШС-нің коттедж түрінде салып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысудан бастады. Мұнда екіқабатты үйлер салынуда. Өңiр басшысы құрылыс жобасына өзінің бағасын беріп инфрақұрылым жүйесімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.