Қызылордада жанар-жағар май бағасы арзандайды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордадағы барлық май құю бекеттерінде жанар-жағар майдың бағасының көтерілуіне Шымкенттегі мұнай өнімдерін өңдеу зауытының күрделі жөндеуден өтуі себеп болған. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы коммуникациялар орталығында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Мұстафаев мәлімдеді,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.