Қазақстан оқушы саны аз мектептер үшін «әмбебап» ұстаздар даярлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі оқушы саны аз мектептер үшін бірнеше пән бойынша білімі бар ұстаздар даярламақ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаттарымен кездескен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.