Сенбіде еліміздің бірқатар өңірінде аяз күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қарашада еліміздің оңтүстік бөлігінде және батыста тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын, оңтүстіктің кей жерлерінде қатты жауын-шашын жауады, жел күшейіп жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Көптеген облыстарда тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.