Шымкентті көркейтуде Анкараның тәжірибесін қолдану ұсынылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс орталығы - Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту мәселелеріне арналған семинар-кеңес болып өтті, деп хабарлайды өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі.