Пак Кын Хемен болған жағдай Қазақстанға қатысты саясатты өзгертпейді - Корея СІМ
СЕУЛ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі президент Пак Кын Хе айналасында қалыптасқан жағдайға байланысты Оңтүстік Корея Қазақстанға қатысты саясатын өзгертпейді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Корея Республикасы СІМ Еуропа бөлімшесінің директоры Су Сок Лим (Soosuk Lim) хабарлады.