ЭКСПО-2017 көрмесінде өнертапқыш балалардың алаңы пайда болуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы Астана қаласында өтетін ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесінде өнертапшық балалардың алаңы пайда болуы мүмкін. Бүгін елордада өткен балалар форумында Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева осындай ұсынысын білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.