Универсиада-2017: Қазақстан құрамасының киім үлгісі небәрі бес күнде анықталған
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы Қысқы Универсиада ойындарына қатысатын Қазақстанның студенттер құрамасына киім үлгісін таңдайтын конкурстық комиссияға тек екі жұмыс түскен екен. Бәлкім, бұған ұйымдастырушылар жарысты тек 15-20 қараша аралығында ғана өткізгені себеп шығар. Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихатын өткізген «Z Industries» компаниясының өкілі Данияр Тебаев мәлім етті.