Жексенбіде еліміздің көптеген жерінде бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қарашада еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, тек оңтүстік-батыста күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.