Қазақстан және Қытай аграрлық-техникалық университеттері студент алмасуға келісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның агротехникалық университеттерінің жетекшілері мен ауыл шаруашылығы мамандарының Қытай Халық Республикасына арнайы сапары аясында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті мен Солтүстік Батыс ауыл шаруашылық, орман шаруашылық ғылым-техника университетінің арасында өзара келісім туралы меморандум жасасты. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.