Елбасы сапалы медиаконтент дайындаудың маңыздылығына назар аударды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазмедиа Орталығы» ғимаратында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.