Таразда ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай джип-тур өтті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мерекелеріне орай Жамбыл облысының аудандарына автоэкспедиция жолға шықты. Сондай-ақ өңірде жеңіл атлеттер жаппай жүгіруге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.