Бисенғали Тәжіяқов: Еліме қызмет ету - халқыма қызмет ету
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық Банктегі қызметін абыроймен аяқтаған Бисенғали Шамғалиұлын Мемлекет басшысы «Сені жақсы білетінімді ескеріп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы лауазымына тағайындаймын», деп жаңа жұмысына сәттілік тілеген болатын. Осылайша, 2014 жылғы қаңтарда лауазымға тағайындалған Бисенғали Тәжіяқов жақында мемлекеттік қызметтегі жұмысын аяқтады. Бұл күндері әйгілі банкир өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде.