Конфедерация кубогы: Бокстан жартылай финалдың ең әсерлі жекпе-жегі аталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан Конфедерация кубогының іріктеу ойындарында бокстан Астана қаласы мен Маңғыстау облысының командалары ақтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.