Пара алған деген күдікпен БҚО спортының басшысы ұсталды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 14 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро БҚО бойынша департаментінің қызметкерлері пара алғаны үшін БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Т.Шаяхметов пен осы басқарманың бөлім басшысы А.Ишановты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.