ТүрікПА бас хатшысы ресейлік елшінің өлтірілуін лаңкестік әрекет деп атады
БАКУ. ҚазАқпарат - Түркітілдес елдер парламенттік ассамблеясының бас хатшысы Жандос Асанов Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін террористік акт деп айыптайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Бакудегі тілшісі.