Ерлан Біләл: «Алмас қылыш» - қоғамның рухын шыңдайтын фильм
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түсірілген «Алмас қылыш» фильмі қоғамның рухын шыңдайтын шоқтығы биік туынды, дейді ҚазАқпарат тілшісімен әңгімелескен М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың директоры, әртіс Ерлан Біләл.