«Әдебиет порталының» ашылғанына 3 жыл толды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін көкірек көзі ояу көпшілік қауымның көзайымына айналған «Әдебиет порталы» 3 жасқа толып отыр! Оның тұсауын осыдан тура үш жыл бұрын қазіргі қазақ әдебиетінің бір топ аузы дуалы ақсақалдары мен қарымды қаламгерлері кесіп, батасын берген болатын.