Шығыс Қазақстанда шаруа қожалықтарын су басу қаупі туындады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округіндегі «Жайдақ» учаскесінде Мұжық өзеніндегі су арнасы қатып, су деңгейі көтерілді. Соның салдарынан «Қарақұм» және «Немерелі» шаруа қожалықтарын су басу қаупі туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің ТЖ департаментіне сілтеме жасап.