АУА РАЙЫ: 27 желтоқсанда бірқатар өңірде бұрқасын соғады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, республиканың оңтүстігінде тау және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.